37 келі салмақ тастаған Алтынай Жорабаева бетінің неге салбырағанын түсіндірді (ВИДЕО)

10.09.2025 10:40 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
37 келі салмақ тастаған Алтынай Жорабаева бетінің неге салбырағанын түсіндірді (ВИДЕО)
0
712
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева соңғы кездері қатты өзгергенін байқаған тыңдармандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншінің бетінің салбырағанын байқаған көпшілік әлеуметтік желіде түрлі пікір білдірген.
Осыған байланысты Жорабаева бір бейнежазбада бәрін ашық айтты. Оның сөзінше, ол елу жасқа таяп қалды және соңғы жылдары 37 келі салмақ тастаған. Бұл, әрине, бет терісіне әсер еткен.


«Кейбіреулер: «Бетің салбырап қалыпты, көзіңді неге олай өзгерттің? Бұрынғы түрің әлдеқайда әдемі еді» деп жазады. Ал ол кез – 20-25 жыл бұрынғы Алтынай. Жандарым-ау, мен қазір елуге жақындап қалдым. 37 келі салмақ тастадым. Әрине, бет салбырайды. Әлде семіз күйімде қала берейін бе? Артық салмақ ешкімге жараспайды ғой», – деді әнші.

Сонымен қатар ол болашақта бет терісін тарту үшін пластикалық ота жасатуы мүмкін екенін де жасырмады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий