“388 млн теңге қайда кетті?”: Шахмат федерациясы Бибисара Асаубаеваның анасының сынына жауап берді

29.04.2026 22:29 Қарақат АСЫЛОВА
“388 млн теңге қайда кетті?”: Шахмат федерациясы Бибисара Асаубаеваның анасының сынына жауап берді
292
Ашық дереккөздерден
Бибисара Асаубаева төңірегіндегі дау: федерация мен анасы неге келіспей отыр?

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаеваға бөлінген қаржы көлеміне қатысты қоғамда жаңа пікірталас туындады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның анасы Лиана Танжарикова мен Қазақстан шахмат федерациясы арасында қаражаттың қалай жұмсалатыны жөнінде әртүрлі мәліметтер айтылды.

Лиана Танжарикованың айтуынша, БАҚ-та жарияланған 847 мың долларлық сома спортшыға тікелей берілген қаражат емес. Оның сөзінше, бұл гранттар мен сыйақылардың жалпы жиынтығы.

«Бибисара федерациядан тұрақты жалақы алмайды. Гранттар мен төлемдер негізінен жаттықтырушыларға аударылады», – деді ол.

Оның дерегінше, 2023–2026 жылдар аралығында жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 388 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражаттың бір бөлігі салық пен жаттықтырушылар еңбекақысына жұмсалатыны айтылды.

Сонымен қатар, Танжарикова федерацияның жылдық бюджеті шамамен 10 миллион доллар екенін айтып, қаражаттың нақты бөлінісіне сұрақ қойды.

Ал Қазақстан шахмат федерациясы бұл сынға жауап беріп, Бибисара Асаубаева ұлттық құрамадағы ең көп қолдау алатын спортшы екенін мәлімдеді. Ұйым дерегінше, 2023–2026 жылдары оған 388 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Федерация бұл қаражаттың гранттар, сыйақылар және спорттық жетістіктерге берілетін төлемдерден тұратынын атап өтті. Сондай-ақ, спортшыға қосымша демеушілер тарапынан да қолдау бар екені айтылды.

Қазіргі таңда бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, екі тараптың мәлімдемелері әртүрлі көзқарас тудырып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий