Солтүстік Қазақстанда қауіпті ауру тіркеліп, ауыл карантинге жабылды

29.04.2026 20:40 Қарақат АСЫЛОВА
Солтүстік Қазақстанда қауіпті ауру тіркеліп, ауыл карантинге жабылды
244
Фото: GOV.kz
Ауылда дезинфекция мен жаппай вакцинация жүріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында құтыру дерегіне байланысты ауыл толық карантинге жабылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Амангелді ауылы екі айға шектеу режиміне көшті. Оқиға үй итінің өз иесіне себепсіз шабуыл жасауынан басталған. Зардап шеккен ер адам бірден ветеринарлық қызметке жүгінген. Ит зертханаға жіберіліп, сараптама нәтижесінде аса қауіпті жұқпалы ауру – құтыру расталды.

Осыдан кейін ауылда қатаң ветеринарлық шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, жануарларды сатуға, сыртқа шығаруға және басқа елді мекендерге айдауға тыйым салынды. Сонымен қатар, аумақта дезинфекция жүргізіліп, үй жануарларына жаппай екпе егу жұмыстары басталды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта ауыл маңында түлкілер жиі көріне бастаған. Мамандардың пікірінше, дәл осы жабайы аңдар қауіпті вирустың негізгі тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Ветеринария басқармасы жағдай бақылауда екенін мәлімдеді. Егер алдағы екі ай ішінде жаңа жағдай тіркелмесе, карантин алынады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий