40 жастағы әйел екі баласын пышақтап, өзіне қол жұмсады

40 жастағы әйел екі баласын пышақтап,  өзіне қол жұмсады
11.01.2025 10:29
0
339
ашық дереккөзден

Красноуральск қаласында (Ресейдің Свердлов облысы) 40 жастағы әйел балаларының қолын кесіп, өз-өзіне қол жұмсады.

Инсайдердің айтуынша, қайғылы оқиға 40 Лет Октябрь көшесі, 7-үйде болған. Анасы 9 жасттағы қызы мен 7 жастағы ұлының қолын кесіп алған. Ұлы көрші үйдің кіреберісіне жете алғанымен, қыз өз үйінің кіреберісінде есінен танып қалған.

Осыдан кейін анасы өз-өзіне қол жұмсаған. Балалар қазір Красноуральск қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың отасы сәтті өткен. Белгілі болғандай, оқиға алдында әйел телефон арқылы біреумен ұзақ сөйлесіп, сөз таластырған. Тергеу комитеті оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

«Балалардың жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады Свердловск облысының денсаулық сақтау саласы қызметкердері.

Ведомствоның мәліметінше, олар кәмелетке толмағандарды №9 қалалық клиникалық ауруханаға жібермекші.

Ақпарат turkystan.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или