47 жастағы әйел күйеу баласынан жүкті болып қалған

 47 жастағы әйел күйеу баласынан жүкті болып қалған
20.04.2025 15:13
0
49

Түркияда күллі жұртты дүр сілкіндірген жағдай болды. 21 жастағы Жұма Доға есімді жігіт сөз байласқан қалыңдығының анасы Есра Еролмен көңіл жарастырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көңіл жарастырып қана қоймай, 47 жастағы Есра мен Жұманың жақында сәбиі болады деп күтілуде.

Болашақ күйеуі мен шешесінің арасындағы арсыз байланысты қалыңдық Ділек байқап қойып, Түркиядағы шулы бағдарламаға арнайы хабарласып айтады.

“Қос ғашық” бәрін тастап қашпақ болып жоспарлағандарын әлгі бағдарламаға келгенде ашық айтады. 21 жасар жігіт пен 47 жастағы әйелдің алға тартқан бас сылтауы – “бір бірімізді сүйеміз” болды.

Өкінішке қарай, Түркия заңы мұндай сүйіспеншілікке, махаббатқа түсіністікпен қарай қоймады. Қос ғашықты студияда отырған жерінен полиция тұтқындап алып кетті.

Өзгелерге арсыздық үлгісін көрсететін бұл “ғашықтық байланысты” заң аясында қарастырып, бұл тірлікке сот нүкте қоймақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий