“5 баланың әкесі”: Түркістанда мұғалім 8-сынып оқушысына сұмдық әрекеттер жасаған

“5 баланың әкесі”: Түркістанда мұғалім 8-сынып оқушысына сұмдық әрекеттер жасаған
07.10.2025 12:00
0
133
ашық дереккөзден

Түркістан облысында 38 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сегізінші сынып оқушысын қорламақ болғаны үшін 12 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам кәмелетке толмаған қызды алыс жерге апарып, ар-намысына қол сұғуға тырысқан, алайда оқушы қашып үлгеріп, болған жайтты туыстарына баяндаған. Кейін жәбірленушінің жақындары полицияға жүгініп, іс қозғалды. Сот процесі барысында айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, тергеу нәтижесінде жеткілікті дәлелдер табылып, оның кінәсі дәлелденді. Тергеу материалдарына сәйкес, мұғалім оқушыны кездесуге өзі шақырып, телефон қоңыраулары арқылы байланыс орнатқан. Сондай-ақ, ол қызды құшақтап, денесіне қол тигізіп, әдепсіз әрекеттер жасағаны анықталды.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғани Құлдасовтың айтуынша, сот барлық айғақтарды қарап, күдіктіні кінәлі деп тапқан. Нәтижесінде, оған тек бас бостандығынан айыру жазасы ғана емес, сонымен қатар өмір бойы білім беру саласында жұмыс істеуге тыйым салынды. Айта кетерлігі, сотталған ер адам – бес баланың әкесі және мектепте 16 жыл еңбек еткен. Үкім жарияланған соң, оның туыстары мен отбасы сотқа келмеген.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, балалардың қауіпсіздігі мен білім беру саласындағы этикалық жауапкершілік мәселесіне назар аудартты. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайлардың алдын алу үшін білім беру мекемелерінде бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий