“5 баланың өлімі”: БҚО-да қара жамылған отбасыға баспана беріледі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бес бала қаза тапқан Жымпиты ауылындағы өртке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Нариман Төреғалиев марқұм балалардвң отбасына көмектесуге уәде берді және жағдай жеке бақылауында екенін мәлімдеді.
"Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр», - деп жазды әкім Facebook парақшасында.
Сонымен қатар әкімдік тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары жүргізіледі.
Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеуде.
Еске салайық, бүгін, 4 маусым күні БҚО Сырым ауданы Жымпиты ауылында қайғылы жағдай болды. 5 бала көміртегі тотығына уланып қайтыс болды
Соңғы жаңалықтар





