"50 мың теңгеге оразаңды бұз": Ауыз бекіткен жұртты азғырған блогердің видеосы желідегілерді ашуландырды

21.03.2025 13:20
0
162
видеодан алынған кадр\Stan.kz

Көшеде ауыз бекітіп жүрген азаматтарға ақша ұсынып, оразасын бұзуға итермелеген видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бейнежазбада өзін блогермін деп таныстырған ер адам өтіп бара жатқан жандарға 50 мың теңге мен бургер ұсынып, оразасын қаза қылуды сұрайды. Ол: “Қазір аузыңды ашып, оразаңды бұзсаң, 50 мың теңге беремін. Оған қоса бургер сыйға аласын”, – деп ұсыныс тастайды.

Видеодағы көріністе екі жігіттің бірі бұл әрекетке үзілді-кесілді қарсы шығып, ауыз ашудан бас тартса, екіншісі еш ойланбастан блогер берген тағамды жеп, оразасын бұзады. Бұл әрекет желіде кеңінен талқыланып, көпшілік мұндай контентті дінге және адамның сеніміне құрметсіздік деп бағалап, сынға алды. Желі қолданушылары блогерлердің танымалдылық үшін кез келген әрекетке баратындығын, бұл шектен шығу екенін айтып, жауапкершілікке тарту қажет деген пікір білдіруде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий