6 жылға сотталған Бекболат Тілеуханның күйеу баласы апелляциялық шағым берді

20.04.2026 17:36 Әсел Мұрат
6 жылға сотталған Бекболат Тілеуханның күйеу баласы апелляциялық шағым берді
188
Фото: ашық дереккөз

6 жылға бас бостандығынан айырылған Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл ақпаратты тілшімізге Шығыс Қазақстан облысының соты растады.

«Өскемен қаласының экс-әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімлайда іс әлі тіркелмеді», - деп жауап берді соттың баспасөз қызметінен.

Іс облыстық сотқа түскен жоқ. Алайда апелляциялық соттың қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Жақсылық Омар Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық), 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі деп танылған болатын. Оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оның мүлкі, яғни Toyota Camry автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Кейін Жақсылық Омардың рақымшылыққа ілінбейтіні хабарланды. Себебі қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған тұлғаларға рақымшылық актілері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайды. 

Саяси қайраткер Бекболат Тілеуханның жиен күйеу баласы болып келетін Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданындағы Үшарал ауылында туған. Ол 2018-2024 жылдары Өскемен қаласын басқарып, кейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Ал 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий