“60 миллион теңге қарыз”: Белгілі журналист Қайрат Әділгерейге халықтан көмек сұрады

03.05.2026 13:32 Қарақат АСЫЛОВА
“60 миллион теңге қарыз”: Белгілі журналист Қайрат Әділгерейге халықтан көмек сұрады
180
“Хотя бы бір қазақ кредиттен құтылсын”

Қазақстанда белгілі журналист Ербол Мәндібек актер әрі шоумен Қайрат Әділгерей туралы жасаған үндеуі қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің айтуынша, өнер иесі қазіргі таңда шамамен 60 миллион теңге несие төлеп жүр. Оның сөзінше, былтыр актер түскен фильм жоғары табыс әкелгенімен, жиналған қаржының басым бөлігі түсірілім шығындарына, жарнамаға және ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалған. Соның салдарынан актердің өзіне айтарлықтай табыс қалмаған.

Осы жағдайға байланысты Ербол Мәндібек көпшілікке үндеу жасап, жақын арада прокатқа шығатын «Хотя бы кинода-4» фильміне қолдау көрсетуге шақырды. Оның пікірінше, көрермендер кинотеатрға барып, отандық фильмнің кассасын толтыру арқылы актерге де, жалпы қазақ киносына да көмектесе алады.

Алайда бұл үндеу қоғамда екіұдай пікір қалыптастырды. Бір тарап отандық кино индустриясын қолдау қажет екенін айтса, екінші тарап танымал адамның жеке қаржылық мәселесін халыққа жүктеу дұрыс емес деген көзқарасты ұстануда.

Сын айтушылардың пікірінше, ел ішінде несие төлеп отырған қарапайым азаматтар аз емес. Олар да түрлі себептермен қарызға батып отыр: бірі баспана үшін, бірі емделу үшін, енді бірі білім алу үшін. Осындай жағдайда белгілі тұлғаның қарызын жабуды көпшілікке үндеу әділетті ме деген сұрақ туындайды.

Қоғамда «отандық киноны қолдау» мен «жеке қаржылық жауапкершілік» ұғымдарының аражігін ажырату қажеттігі де айтылып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, өнерді қолдау маңызды болғанымен, әрбір адамның жеке қаржылық міндеті өзіне тиесілі болуы тиіс.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий