Алматыдағы кафеде сатылған самсадан ветеринарлық чип шықты
Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде күтпеген жағдаймен бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, дәмді тағамнан үміттенген олар кафеден сатып алған самсаның ішінен жануарларға арналған ветеринарлық чип тауып алған.
Әйелдің сөзінше, ол жақындарымен бірге танымал самсаның дәмін татпақ болған. Алайда тағам ішінен шыққан бөгде зат көңілдерін қалдырған. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында алаңдаушылық тудырып, түрлі пікірлерге жол ашты.
Оқиғаға байланысты аталған мекеме түсініктеме беріп, арнайы видео жариялаған. Онда асханадағы ет дайындау процесі көрсетіліп, кәсіпорын тек ауыл шаруашылығы жануарларының етін пайдаланатынын мәлімдеді. Сонымен қатар табылған заттың расымен де ветеринарлық чип екені расталды. Мұндай чиптер арқылы жануардың иесі, вакцинациясы және күтім тарихы анықталады.
Дегенмен, мекеме өкілдері чиптің дайын тағамға қалай түскенін нақты түсіндірмеді. Сондай-ақ егер тұтынушы оны байқамай жұтып қойған жағдайда қандай қауіп болуы мүмкін екені де айтылмады.
Соңғы жаңалықтар