6-қабаттан секіріп кеткен келіншектің өлімі туралы сұмдық ақпарат шықты

6-қабаттан секіріп кеткен келіншектің өлімі туралы сұмдық ақпарат шықты
13.03.2025 13:04
0
48
alash.kz

Алматыда 9 наурыз күні 1 жасар баласы бар 20 жастағы келіншек 6-қабаттан секіріп, мерт болды. Қайғылы оқиғаға отбасындағы зорлық-зомбылық себеп болуы мүмкін,  деп хабарлайды POLITICO.KZStan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қызымның отбасылық өмірі қорқынышты болды. Оны күйеуі үнемі ұрып-соғатын. Тіпті есін жоғалтқанша ұрған кездері де болды. Қайын енесімен бірге арақ ішіп, қызымды қорлайтын. Менде дәлелдер бар – ол маған жіберген фотолары сақталған. Бұл жолы мереке қарсаңында не болғанын білмеймін, бірақ соңы осылай аяқталды", – деді марқұмның анасы.

Марқұмның туыстары сот-медициналық сараптама қорытындысымен келіспей, денесін алудан бас тартуда.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, Ажар күйеуінің ұрып-соғатынын, тіпті есірткі қолданатынын айтып шағымданған. Оқиға болған күні пәтерде күйеуі мен қайын енесі болған. Бірақ кімнің жедел жәрдем шақырғаны белгісіз.

"Сіңлімнің мәйітін жеткізген бойда күйеуі адвокат жалдап үлгерді. Бейнебақылау камерасындағы жазбалар да бізге көрсетілмеді", – дейді әпкесі.

Алматы облысы полиция департаменті бұл істің суицид ретінде қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бірақ нақты қорытынды сараптама нәтижелерінен кейін белгілі болады. Марқұмның күйеуі келіншегінің өз еркімен секіргенін айтқан. Алайда оның туыстары мен достары бұл нұсқаға күмәнмен қарап отыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша мәліметтер жарияланбай отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий