700 мыңнан 2,8 млн теңгеге дейін: Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады

700 мыңнан 2,8 млн теңгеге дейін: Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады
10.10.2025 11:12
0
97

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek.kz электрондық еңбек биржасының қыркүйектегі бос орындар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Министрліктің мәліметінше, әр екінші бос жұмыс орны жұмысшы мамандарға арналған.

 «Ең белсенді саланың бірі білім саласы болып шықты – онда 55 мыңнан астам бос жұмыс орны (40 пайыз) тіркелген. Тағы 16,3 мың бос жұмыс орны «басқа қызмет түрлері» (шамамен 12%) бойынша жарияланып, ал 10 мың бос жұмыс орны денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласына (шамамен 7%) тиесілі болды. Жалпы алғанда, сұраныс ұсыныстан 7,6 мыңға асты», - делінген хабарламада.

Қыркүйекте көбінесе орташа білікті мамандарға (57 мың бос жұмыс орны), одан кейін жоғары білікті мамандарға (49 мың), ең аз – біліктілігі жоқ адамдарға (32,2 мың) қажеттілік байқалған.

«Ең белсенді жұмыс берушілер Астана (11,4 мың) мен Алматы (10,2 мың) қалаларында, сондай-ақ Павлодар облысында (9,4 мың бос жұмыс орны) байқалды. Ал жұмыс іздеушілер тарапынан дәстүрлі түрде оңтүстік өңірлер көш бастады: Түркістан облысында – 15,7 мың, Шымкент қаласында – 9 мың, Қызылорда облысында – 8,5 мың түйіндеме жарияланған», - деп атап өтті ведомстводағылар.

Қыркүйекте жарияланған бос жұмыс орындарының әр екіншісі (68 мың жұмысшы мамандықтарына арналды, оның ішінде 39 пайызын (26,3 мың) нақты экономиканың кәсіпорындары ұсынған. Жұмысшы мамандықтар ішінде негізгі сұраныс өндіріс саласындағы білікті жұмысшыларға (23,5 мың), көлік және логистика саласына (5,9 мың) және білім мен тәрбие саласына (4,4 мың) түсті. Нақты мамандықтар бойынша ең жоғары сұраныс автокөлік жүргізушілеріне (2 мың бос жұмыс орны), тәрбиеші көмекшілеріне (1,8 мың) және санитар мамандарына (1,7 мың) болды.

Қыркүйек айында жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы көлемі:

  • бас құрылысшы қызметінде байқалды (шамамен 705 мың теңге),
  • шахта оқпандарын бұрғылау қондырғысының машинисі (шамамен 700 мың теңге)
  • өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығының орынбасары (шамамен 681 мың теңге).

Ал үміткерлер сұраған ең жоғары жалақы:

  • коммерциялық әуе лайнерінің ұшқышы (шамамен 2,8 млн теңге),
  • IT-сектордағы техникалық директор (шамамен 1,4 млн теңге)
  • құрылыс саласындағы бөлім басшысы (шамамен 1,2 млн теңге) лауазымдары бойынша болды.
     
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий