«70–80 кг қызбен кездесер ме едіңіз?» деген сауалнама қазақстандық аруларды ашуландырды (ВИДЕО)

«70–80 кг қызбен кездесер ме едіңіз?» деген сауалнама қазақстандық аруларды ашуландырды (ВИДЕО)
16.10.2025 15:58
0
145
Фото: freepik.com

Әлеуметтік желілерде Қазақстан көшелерінде түсірілген бейнежазба тарала бастады. Онда ер адамдардан: «70–80 килограмм салмақтағы қызбен кездесер ме едіңіз?» – деп сұрайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ..
Жауаптар әртүрлі болғанымен, көптеген ер адамдар қыз ұнаса, оның салмағы маңызды емес екенін айтты. Алайда кейбір қатысушылар артық салмақтағы әйелдерді сынап, бұл пікірлер желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Пікір қалдырушылар сыртқы келбетке емес, адамның ішкі қасиетіне мән беретіндерді қолдады.
Ал керісінше ой айтқандар сынға ұшырап, тіпті оларға «толық қызға тап болсын» деп тілегендер болды.

««Жоқ» дегендерге 100 кг қыз жолықсын!»
«Неге өздеріне қарамайды мына жігіттер?»
«Бәріміз де бір кезде 50 кг болдық - босанғаннан кейін бәрі өзгереді!»
«Қыздар, өздерің бұрынғы 60 кг салмақтарыңа қайта оралуға болады ғой»

@kanatiskendirov78 🙍🏻‍♀️70-80кг салмағы бар қыздарға қәзіргі жас жігіттердің көз қарасы #артықсалмақ #питание #марафон #фитнес #шымкент ♬ оригинальный звук - КАНАТ ИСКЕНДИРОВ
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий