"8 бала табыңыз": Айгүл Иманбаеваның тыңдарманы гауһар білезігін сыйлады

Тыңдарман өзінің ақжарма тілегімен бөлісіп, әншіге шын жүректен ықыласын білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Сізге қарап қуанамыз. Жуырда тұрмысқа шыққаныңызға қуаныштымыз. Сізді барша халық жақсы көреді. Он баланың арнасы ретінде не сыйласам деп ойлап, қолымдағы білезігімді бергім келді. Егер он бала таппасаңыз да, сегіз бала тауып, немере-шөбере сүйіңіз", – деді ол.
Айгүл Иманбаева бұл сәтті ерекше толқыныспен қабылдап, өзінің алғысын көпшілікпен бөлісті.
Әнші жазбасында жанкүйерлерінің махаббаты мен құрметін жоғары бағалайтынын жеткізді:
"Бүгін ерекше күн болды. Бір көрерменім шын ниетімен жылы лебізін білдіріп, әдемі білезік сыйлады. Осындай көңілдеріңізге шын жүректен алғыс айтамын. Құрметті көрермендерім, мен сіздерді шын жүректен жақсы көремін!" – деп жазды Иманбаева.
Соңғы жаңалықтар





