“90 жыл бұрын салынған”: Түркістан облысында мәдениет үйі өртеніп кетті
803
Түркістан облысы Ащысай ауылында 1938 жылы негізі қаланған, құнды жәдігерлер сақталған мәдениет үйі өртенді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өртке оранған мәдениет үйінде көне музыкалық аспаптар, фильмдер мен пластинкалар топтамасы және кітапхана болған.
Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, өрт кеше, 4 тамыз күні тұтанған. Мәдениет үйінің шатыры өртеніп, жалын 1512 шаршы метрлік ғимараттың 600 шаршы метр аумағын шарпыған.
«Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда», деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД.
Бұл ғимаратты 1938 жылы жапон әскери тұтқындары салған. Мәдениет үйі аймақтағы көрнекті сәулет нысаны және рухани орын саналған.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...