“90-60-90-ға қайта ораламын”: Ерке Есмахан уәде берде

Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан үшінші баласын дүниеге әкелгеніне бар болғаны екі ай болса да, әлеуметтік желідегі сынға бейжай қараған жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айрақтыдағы соңғы концерті кейін тыңдармандарының «толысып кетіпті», «семіріп кетіпті» деген пікірлерін көрген әнші ашық үн қатты.
«Қымбаттыларым, егер мен тек қана сымбат туралы ойласам, бұл тәтті сәбиді маған кім сыйлар еді?» – деп жазды Ерке Instagram парақшасында.
Әнші үшін аналық бақыт кез келген сұлулық стандартына қарағанда әлдеқайда маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол жақында босанған әйелдерді түсінуге шақырып:
«Әр кезеңнің өз сұлулығы бар», – деді.
Әзілмен «уақыт өте қайтадан 90-60-90 боламын, сөз беремін!» – деп қосты әнші.
Желі қолданушылары әншіні қолдап, «Сен нағыз батырсың!» және «Саған аналық жарасады!» деген жылы лебіздерін білдірді.
Соңғы жаңалықтар





