Ақтаулық "Фараби" жайдарман құрамасы үздік үштікте
Көрерменге күлкі сыйлап жүрген көңілді жайдарманшылар Астана төрінде тоғысты. Әсерлі әзіл, жайдарлы жастар жиналған "Junior" жайдарман ойынына "Жол жүру грантын" жеңіп алған маңғыстаулық "Фараби" құрамасы да қатысты.
Республикалық "Junior" жайдарман ойындары "Жастар" сарайында 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген 12 команда өнер көрсетті. Соның ішінде ақтаулық жасөспірімдерден құралған "Фараби" құрамасы жүлделі 3-орынға ие болды.
Қоғамдағы оқиғалар мен түйткілді мәселелерді астарлы әзіл-қалжыңмен жеткізген жастар көпке күлкі сыйлап, жоғары дәрежедегі дайындықтарын көрсете білді.
Бұған дейін "Фараби" құрамасы Ақтөбе қаласында өткен Батыс лига ойындарының чемпионы атанған болатын.
Айта кетейік, "Жеті жұрт" қоғамдық бірлестігі өңірдегі талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында "Жол жүру гранты" жобасын іске асырып жатыр. Жоба Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде "Азаматтық бастамаларды қолдау" орталығы қолдау көрсетуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...
24.10.2026
09:27
«Бауырсаққа таласқандай»: Маңғыстауда жаңа вокз...
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...