Абайдағы алапат өрт: Бектенов маңызды шешім қабылдады
Бектенов «Семей орманы» аумағындағы өртке байланысты Абай облысына екі министрді жіберді, деп хабарлайды Politico.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман резерваты аумағында тұтанған ірі өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты жіберді.
Қазіргі таңда тілсіз жаумен күреске 600-ге жуық адам, 148 бірлік арнайы техника және 7 тікұшақ жұмылдырылған. Әуеден өрт ошағына 100 тоннадан астам су төгілген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Камышенка ауылына төнген қауіп толықтай сейілген. Дегенмен өртті толық ауыздықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Үкімет басшысы өрттің одан әрі таралуына жол бермеуді, елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және барлық қажетті күш пен құралдарды тиімді пайдалануды тапсырды. Сондай-ақ ол жағдайды жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар