«Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма»: өзбек боксшысынан ұтылған Зейнуллинов ширек финалға баға берді

Қазақстан чемпионы Ертуған Зейнуллинов Ливерпульде өткен 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалындағы жеңілісінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Ассалаумағалейкум қазақ елім. Барымды салдым, өздеріңіз көргендей, бәрі де Алланың қалауымен болды. Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма – оны бағалау сіздердің қолдарыңызда. Ең әуелі – Аллаға шүкір! Бапкерлеріме шексіз рақмет, оларсыз бұл жолға жете алмас едім. Халқыма қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Сіздердің сенімдеріңіз – маған ең үлкен күш. Бұл тек бастамасы ғана, алда бұдан да биік белестер бар. Қазақ елінің абыройын асқақтату үшін тер төгуді жалғастыра беремін!», - деп жазды ол Instagram парақшасында.
65 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдағы кездесуде Зейнуллиновқа 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаев қарсы тұрды. Жекпе-жек қазылардың бірауыздан шығарған шешімімен өзбек боксшысының пайдасына аяқталды.
Соңғы жаңалықтар





