Әділет Жауғашар дауға айналған әні үшін кешірім сұрады
Танымал әнші Әділет Жауғашар желіде үлкен дау тудырған “Сүй иә” әніне қатысты пікір білдіріп, тыңдармандарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Соңғы уақытта желі қолданушылары туындыдағы “Сұлудың жоқ дегені – иә” деген жолды сынға алып, оны зорлық-зомбылықты ақтау деп бағалаған еді. Осыған байланысты өнер иесі бейнеүндеу жасап, ән мәтіні жазушы Әзілхан Нұршайықовтың сөзіне сүйеніп жазылғанын, алайда қазіргі қоғамның өзгергенін ескермегенін мойындады.
"Бұл әннің көптің көңіліне тиетінін ойламадық. Өзім де зорлық-зомбылыққа қарсымын. Оның үстіне әкеммен емес, анамның тәрбиесінде өстім. Егер бұл ән сіздердің көңілдеріңізден шықпаса, енді оны орындамаймын. Баршаңыздан кешірім сұраймын. Сұлудың “жоқ” дегені – жоқ", – деді әнші.
Сонымен қатар ол өзіне бойкот жариялап, жақында өтетін концертіне бармауға үндеген жандарға да жауап берді. Әнші сынды дұрыс қабылдайтынын, бірақ өнердегі жылдар бойғы еңбегін сызып тастау шектен шыққандық екенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар