Ағалы-інілі бір қызға үйленіп, елді шошытты

Ағалы-інілі бір қызға үйленіп, елді шошытты
23.07.2025 10:52
0
1460
pixabay.com

Үндістанның Химачал-Прадеш штатындағы Шиллай ауылында екі ағайынды жігіт — Прадип пен Капил Неги бір әйелге — Сунита Чауханға үйленді. Үш күнге созылған үйлену тойы хатти халқының ежелгі дәстүрі бойынша өткен.

Бұл дәстүр "джодидар" немесе "джажда" деп аталады және қазіргі кезде тек осы аймақтағы кейбір қауымдарда ғана сақталған. Хатти халқының өкілі бұл салттың тарихи негізі бар екенін айтады. Бұрын таулы аймақтарда үлкен отбасы болып тұру қауіпсіз әрі тиімді болған. Сондай-ақ, бұл дәстүр жердің бөлінуінің алдын алуға көмектескен.

Сунита Чаухан бұл дәстүрді жақсы білетінін және некеге өз еркімен түскенін айтқан. Ағайындылар да бұл шешімді мақтанышпен қабылдап, бір отбасы болып әйеліне қамқорлық көрсететіндерін жеткізді.

Қазіргі уақытта мұндай неке түрі сирек кездеседі, бірақ Химачал-Прадеште заңды түрде рұқсат етілген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий