Ағайынды Сабырхандарға көлік пен пәтер сыйға берілді

Ағайынды Сабырхандарға көлік пен пәтер сыйға берілді
23.09.2025 12:08
0
102
Фото: Шымкент әкімдігі

Ливерпульде әлем чемпиондары атанған ағайынды Сабырхандарға Шымкент әкімдігі көлік пен пәтер сыйлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бокс және өзге де спорт түрлерінен Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Ағайынды Сабырхандар Ливерпульдегі додада алтыннан алқа тақты. Махмұд Сабырхан 55 келі салмақта жеңімпаз атанып, өзінің екінші әлемдік титулына қол жеткізді. Ал інісі, 19 жастағы Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта финалда жапон Севон Окадзаваны төрешілер шешімімен ұтып, әлем чемпионы атанды.

Кездесу барысында әкімдіктегілер ағайынды Сабырхандарға сый тарту етті. Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханға көлік пен пәтер кілті табысталды. Олардың әкесі Айдархан Сабырханұлына Toyota Camry 80 көлігі сыйға берілді. 

«Қатты қуаныштымыз. Үйімізге үш көлікпен қайтып барамыз. Әкемізге де, бізге де үлкен сый жасалды. Пәтер мен көліктер сыйлаған демеушілерге, қолдау көрсеткен қала әкімдігіне алғысымыз шексіз», – деді екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий