Air Astana Иран әуе кеңістігін айналып ұшады: авиакомпания шұғыл мәлімдеме жасады

15.01.2026 • 09:32 Әсел МҰРАТ
Air Astana Иран әуе кеңістігін айналып ұшады: авиакомпания шұғыл мәлімдеме жасады
1073
Фото: ашық дереккөз

Air Astana әуе компаниясы ұшақтар Иранның әуе кеңістігін айналып ұшатынын хабарлады,, деп хабарлайды Politico.kz.

Оған Иранның әуе кеңістігінің жабылуы себеп болып отыр.

«Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады», — делінген компания мәлімдемесінде.

Air Astana жағдайды мұқият бақылайды.

Компания жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұрайды, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий