Air Astana жоғалған ит үшін өтемақы төлейтін болды

Air Astana жоғалған ит үшін өтемақы төлейтін болды
15.01.2025 10:09
0
64
Shutterstock / FOTODOM
Алматы – Орал рейсінде ит жоғалуына қатысты сот шешімі жарияланды

Air Astana компаниясы Алматы – Орал рейсінде жоғалған итке байланысты өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Түрксіб аудандық соты иттің иесінің Air Astana-ға қарсы талабын ішінара қанағаттандырды. Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың 30 сәуірінде Алматыдан Оралға ұшқан жолаушы итін арнайы боксқа салып, багаж бөліміне тапсырған. Алайда Орал әуежайына келгенде бокс бос болып шыққан. Әуежай қызметкерлері иттің бокстан шығып, аэродром аумағына қашып кеткенін хабарлады. Жануарды табу мүмкін болмады.

Ит иесі авиакомпаниядан 1 млн теңге материалдық шығын, 5 млн теңге моральдық шығын және 18 мың теңге тасымалдау құнын өтеуді талап етті. Сот шешімі бойынша, Air Astana компаниясы 500 мың теңге моральдық зиянды, 18 мың теңге тасымалдау құнын және 252 026 теңге сот шығындарын төлеуге міндеттелді.

Материалдық шығын туралы талап дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты қанағаттандырылмады. Иттің бағасы, күтім немесе емдеуге кеткен шығындарды растайтын құжаттар ұсынылмаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или