Ақтауда сабақ үстінде оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті
Ақтауда дене шынықтыру сабағында оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақтауда дене шынықтыру сабағы кезінде 10 және 11-сынып оқушылары арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Оқиғадан кейін 10-сыныптың екі оқушысы медициналық көмекке жүгінген. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылған.
Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысқан оқушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Оқиғаға қатысты барлық мән-жай зерттеліп, қажетті материалдар жиналған. Балаларының тәрбиесі мен оқуына қатысты міндеттерін тиісінше орындамаған, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың бұзақылық жасауына жол берген ата-аналар жауапкершілікке тартылған.
Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.
Жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды. Полиция олардың өздерімен және отбасыларымен профилактикалық жұмысты жалғастырады.
Соңғы жаңалықтар