«Әке-ана, сіздерді жақсы көремін»: Қайрат Нұртас тойда қайын жұртына ерекше тілек айтып таңғалдырды (ВИДЕО)
Танымал әнші Қайрат Нұртас балдызының тойында ақ тілегін айтып, әнін шырқап, өз өнерін көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.
Жұлдыз Әбдікәрімованың інісінің тойында танымал әнші әйелімен бірге көпшіліктің көзіне түсті.
«Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Ана-әке, бүгінгі көздеріңізден көріп тұрған қуанышқа тоймай тұрмын. Құдай көп көрмесін. Айсұлтан, сен осы отбасындағы ерекше жансың, мен сені қатты жақсы көремін. Бауырым, екеуіңе барлық жақсылықты тілеймін. Биіктен көріне беріңдер, үбірлі-шүбірлі болыңдар. Келген құдалар, төрге шыққандарыңыз құтты болсын. Осындай қуаныш баршаңызға жұғысты болсын. Мен екеуіңе «Сені сүйемін» деген әнімді арнағым келіп отыр. Баршаңызды ортаға махаббат вальсіне шақырамын», - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін желі қолданушылары құдасының тойына бармаған Гүлзира Айдарбекованы сынап, түрлі пікір қалдырған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...
31.10.2026
12:08
Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орн...
31.10.2026
10:25
«Ұнамаса, шығып кет»: Астанада мектептегі жанж...
31.10.2026
09:45
“Әжесінен алты ай бұрын алып кеткен”: Бес жасар...