"Әке-шешесі үшеу ме?": үш адамның ДНҚ-сымен туған сәбилер дүниеге келді

18.07.2025 09:03
0
230
Vad-Len/Shutterstock/FOTODOM

Ұлыбританияда сегіз бала ерекше генетикалық құраммен дүниеге келді: олардың ДНҚ-сында үш адамның — әкесі, анасы және донор әйелдің — генетикалық материалы бар. Бұл туралы Politico.kz тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Балалар емделмейтін тұқым қуалайтын ауруларды балаға бермеудің алдын алу мақсатында жүргізілген тәжірибелік медициналық процедура нәтижесінде өмірге келген. Әдіс митохондриялық мутациялар қаупі бар әйелдерге қолданылады. Митохондрия — жасушалардағы энергия өндіруге жауап беретін құрылым.

Процедура қалай өтті?

Зерттеу аясында дәрігерлер ананың аналық жасушасын әкенің сперматозоидымен ұрықтандырды. Кейін ядродан алынған генетикалық материал дені сау донор аналық жасушасына ауыстырылды. Донор жасушасының өз ядросы алынған. Нәтижесінде алынған ұрықтандырылған жасуша ата-анадан толық хромосомалық жиынтықты және донордан сау митохондрияны қамтыды.

Неліктен бұл маңызды?

Қалыпты ЭКО немесе табиғи жолмен бала көтеру кезінде митохондриялық мутациялар бар әйелдерден балаға емделмейтін тұқым қуалайтын аурулар дерлік әрқашан беріледі. Ал жаңа әдіс осы қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

Статистика мен нәтиже:

  • 22 әйел бұл процедурадан өтті.
  • 7 әйел жүкті болды, бұл 36% табысты нәтиже көрсетеді.
  • Барлығы сегіз бала дүниеге келді.
  • Олардың бесеуінде тұқым қуалайтын ауру белгілері анықталмаған.

Қазіргі таңда барлық нәрестелер дәрігерлердің бақылауында. Зерттеушілер бұл әдіс медицина үшін маңызды жетістік екенін атап өтуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий