"Әкесі зорламаған": Блогер Juzzefina-ның көмекшісі оның бар былығын әшкереледі

18.06.2026 14:01 Мөлдір ҚАЙНАР
266
Фото: Instagram/ juzzefina244

Танымал блогер Juzzefina-ның бұрынғы көмекшісі Ақмарал әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізіп, блогерге қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

 Оның айтуынша, Juzzefina бұған дейін айтқан кейбір оқиғалар шындыққа сәйкес келмейді.

«Қай жері көгерген? Ол өзін-өзі де көгертуі мүмкін. Әкесі зорлаған жоқ. Үйдің жалғыз қызы болғандықтан, тіпті үй жинаған емес. Оны мәпелеп өсірді. Қандай зорлау?» – деді Ақмарал.

Сонымен қатар ол блогердің өзіне бірнеше ай бойы еңбекақысын төлемегенін мәлімдеді.

Ақмаралдың айтуынша, ол наурыздан мамырға дейін Juzzefina-мен бірге жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін мәселені жария етпей, өзара шешуге тырысқанын, алайда бірнеше рет жазған хабарламалары жауапсыз қалғанын айтты.

Сондай-ақ ол блогердің жеке қажеттіліктеріне өз қалтасынан шамамен 100 мың теңге жұмсағанын, бұл қаражаттың да әлі күнге дейін қайтарылмағанын жеткізді.

«Қазір мен тек жалақымсыз қалған жоқпын, сонымен бірге қарызымды өзім өтеуге мәжбүрмін. Менің мақсатым – ешкімді қаралау емес. Тек адал еңбегімнің ақысын алып, әділдікке қол жеткізгім келеді», – деп жазды ол.

Ақмарал сөзінің соңында қолындағы хат-хабарлар мен өзге де дәлелдер арқылы айтқан мәліметтерін растай алатынын мәлімдеді. Juzzefina әзірге бұл айыптауларға қатысты пікір білдірген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий