«Актив Ломбард» пен «Актив Маркет»-тің пайызын төлемеуге болады – ҚМА

«Актив Ломбард» пен «Актив Маркет»-тің пайызын төлемеуге болады – ҚМА
16.10.2025 14:01
0
118
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Азаматтар «Актив Маркет» пен «Актив Ломбард» бойынша заңсыз пайыздарды төлемеуге құқылы, деп хабарлайды POLITICO.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Астана. 16 қазан. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды борыш қамытына байлаған компанияларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, «Актив Маркет» және «Актив Ломбард» ұйымдарынан несие алған азаматтар заңсыз есептелген пайыздарды төлеуге міндетті емес.

Бұл туралы Елемесов Сенатта өткен брифингте мәлімдеді. Оның дерегінше, Қаржылық мониторинг агенттігі жүйелі түрде жүргізіп жатқан тексерулер нәтижесінде осыған ұқсас деректер бойынша 17-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Келтірілген шығын көлемі 400 миллиард теңгеден асса, зардап шеккендер саны 400 мың адамнан асып жығылады. Қазіргі таңда барлық іс тергеу сатысында.

«Актив Маркет» пен «Актив Ломбард» ісіне қатысты сұрақтар жиі қойылады. Алматыдағы бір микроқаржы ұйымының заңсыз әрекетінен 327 мыңнан астам адам зардап шеккен. Бұл ұйымдардың барлығы Ұлттық банктің шектеулерін бұзып, өте жоғары пайызбен қарыз берген. Ал «Актив Маркет» тіпті ешқандай рұқсат құжатынсыз жұмыс істеген», – деді Жеңіс Елемесов.

Агенттік өкілі азаматтардың заңсыз есептелген пайыздарды төлеуге міндетті еместігін қадап айтты.

«Бұл сомалар төленуге жатпайды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарға заңсыз есептелген пайыздарды төлемеуге болатынын жеткізгім келеді. Олар қозғалған қылмыстық іс аясында бізге арызбен жүгіне алады немесе азаматтық тәртіппен сотқа шағымданып, несие шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз бере алады», – деп қосты ҚМА төрағасының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі блогер әрі «Актив Ломбард» желісінің иесі Сергей Койновтың ұсталғанын растаған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий