Актриса Ақбота-Нұр ашық киім киген видеосын салып, жұртты шулатты (ВИДЕО)

Актриса әрі әнші Ақбота Нұрабайқызы өзінің жеке парақшасында түсірілімдердің бірінен видео салды, деп хабарлайды POLITICO.KZ..
Видеодан Ақбота Нұрабайқызының актер Берік Айтжановпен бірге бассейнде жүргенін байқауға болады.
«Артқы сахнаның бір көрінісін бөліскім келеді... Күздің салқын суығына қарамастан, бассейнде түсірілім өтті. Мұндай сәттерде дене тоңып, сан алуан күй кешсек те, рөлге бойлап, кейіпкердің жан дүниесін көрерменге айна-қатесіз жеткізуге тырысып бақтық. Шынайы кәсібилік дәл осындай шақтарда сыналады, жағдай талдамай, ыңғайсыздықты елемей, бар жан-тәніңмен образға ену – нағыз шеберліктің белгісі. Себебі өнердің құдіреті тек жайлы сахнада емес, ең қиын сәттерде де талап етілген қойылымды жүректілікпен жеткізе алуыңда! «Үйлену оңай…» – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары актрисаның бұл видеосын сынап тастады.
«Берік Айтжановта арман жоқ шығар, тоты құстан тоты құс қалдырмай, сүйіп, құшақтап шықты, әдемі қыздардың бәрін», «Ақбота түрік актрисасы Хандэ Эрчилге ұқсайды», «Сіздің образға берілгеніңізді көріп риза болдым, күшті кадр», «Нан табу оңай емес», – деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар





