Алагөзовтің экс-әйелі қалталы кәсіпкерлердің отбасын бұзатын әйелдер туралы айтты
Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жары Ляйсира Маратқызы "Тұрсынбектің тоқалы" тақырыбына қатысты пікір білдірді деп жазады POLITICO.KZ
"Жекеме Тұрсынбек Қабатовтың отбасылық мәселесіне қатысты ойыңыз қандай деген хаттар көптеп келіп жатыр.
Оқиға кейіпкерлерін өзім жақыннан танымаймын. Мөлдірдің сұхбатының үзінділерін, оған жазылған пікірлерді көзім шалды.
Ең бірінші, бұл жағдай маған өте жақсы таныс. Бірден жүрегімді түйреп өткені рас.
Десек те, менде екі сұрақ бар:
Мөлдір 14 жыл бойы күйеуінің басқа отбасы барын біле тұрып, үндемеді. Дәл қазір шығып айтуына қандай себеп болды? Бүкіл шындықты жариялау ма, әлде әлдекім 14 жыл бұрын жасалған келісімді бұзды ма?
2. Кеше ғана қалталы кісілердің көңілдесі болып, бүгін әйеліне айналған шоу бизнес өкілдерінің қолдау білдіріп жатқанын қалай түсінбек керек?"деген Ляйсира Маратқызы Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіретінін жеткізді.
Ляйсира Маратқызының оқырмандары оның кімдерді меңзеп, не айтқысы келгенін түсінді.
Соңғы жаңалықтар