Алаяқтар балалар арқылы ақша ұрлаудың жаңа жолын тапты

Алаяқтар балалар арқылы ақша ұрлаудың жаңа жолын тапты
01.05.2025 10:34
0
110
Нұржан Бияқаевтың жеке мұрағатынан алынған сурет
Онлайн-ойын арқылы балалардан ата-анасының картасын сұратады

Қазақстанда алаяқтар балалар мен жасөспірімдерді алдаудың жаңа тәсілдерін қолдана бастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы банк саласының тәуелсіз сарапшысы Нұржан Бияқаев SHYNDYK LIVE подкастында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір жас ұрпақ — жасөспірімдер мен балаларға бағытталған алаяқтық схемалар саны артып келеді.

Кең таралған бір схема — онлайн-ойындар арқылы "үлкен табыс" уәдесі. Алаяқтар балаға, мысалы, миллион теңге ұтқанын айтып, ата-анасының банк картасын екі жағынан CVV-кодымен бірге суретке түсіріп жіберуді сұрайды.

«Бала сеніп қалады да, карта суреттерін жібереді. Артынша ата-анасының шотынан ақша жоғалады немесе олардың атына несие рәсімделеді», – деді сарапшы.

Тағы бір схема – Telegram-арналар арқылы "оңай табысқа" шақыру. Мұнда балалардан өздерінің немесе сыныптастарының банк картасын "жалға беруін" сұрайды. Осылайша, жасөспірімдер дропперге айналып, қаржылық қылмыстардың қатысушысы болады.

Бияқаевтың айтуынша, ата-аналар балаларының желідегі белсенділігін мұқият бақылап, оларға қаржылық қауіпсіздік ережелерін ерте үйретуі қажет.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий