Алдағы үш күнде ауа температурасы 35 градусқа дейін ысиды
223
Қазгидромет синоптиктері 30 мамыр — 1 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында, 1 маусымда батысында атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады.
Салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.
Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның ықпалымен жауын-шашын тоқтайды.
Баренц теңізінен келетін жоғары қысым аймақтарға жайылып, салдарынан түнде және таңертең минус 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Жалпы республиканың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы жоғарылайды.
Республиканың батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін бірте-бірте көтеріледі.
Шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 градусқа дейін төмендейді. Соңғы жаңалықтар
11.02.2026
18:16
Тоқаев 15 наурызда республикалық референдум өтк...
11.02.2026
17:54
ҰҚК «Мырзабаевские» қылмыстық тобының мүшесі те...
11.02.2026
17:36
"Өлерін білген екен": Серікзат Дүйсенғазы ұлы т...
11.02.2026
17:30
«Желіде оны оқымай-ақ мақтайтындар бар»: Саясат...
11.02.2026
17:26
Семейде жаңа туылған қыз баланың денесін қоқысқ...
11.02.2026
17:07
Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум...