"Алдыма отыр, сені иіскеуім керек": Әнші Наркенже Серікбаева филармония басшысынан көрген қорлығын айтты

24.06.2025 09:39
0
327
коллаж sn.kz

Бірнеше республикалық және халықаралық терме-ән байқауларының лауреаты, танымал әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясында көрген қысымы туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жсап.

Оның айтуынша, филармония басшылығы өзін қолжаулық еткісі келіп, көнбегені үшін түрлі қысым көрсетіп, өнерден шеттетуге тырысқан.

«Менде шындық көп… Ашындырып, мені осындай жағдайға жеткізді. Филармония басшысы Ғ. мырза маған қаншама қысым көрсетіп, киімің жоқ деген сылтаумен концерттен шеттетті. Ұят та болсын айтайын, «менің алдыма отыр, мен сені иіскеуім керек» деген сыңайдағы әңгімелердің бәрінен өтіп келемін. Құрметті әкім мырза, осыны қолға алыңызшы. Жалғыз мен емес, қазақтың қаншама қызы сондай басшылардың қол астында кетіп жатыр. Филорманияда қанша жыл жұмыс істедім, бұл екі кісі басшы болып келмей тұрып, мұндай әділетсіздік көрген емеспін! Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын. Шындықты айтқаным үшін, махаббат құрмағаным үшін көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті», – деді әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий