Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
945
Әлемдегі ең егде жастағы адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген 117 жастағы Мария Браньяс Морера қайтыс болды.
Мария Браньяс Морера Гиннестің рекордтар кітабында әлемдегі ең егде жастағы адам ретінде жарты жылдан аса уақыт бойы тіркеліп тұрған еді. Қызының айтуынша, ұзақ ғұмырдың құпиясы – генде. Браньяс өмір бойы бірде-бір рет ауруханаға жатып көрмеген.
Ол өз қалағанындай ұйқыда жатып, ауырмай көз жұмды, — дейді жақындары.Отбасы оның соңғы жазбасын да жариялады.
Уақыт таяды. Жыламаңдар! Мен жылағанды ұнатпаймын. Бастысы, мен үшін қайғырудың қажеті жоқ. Қайда кетсем де бақытты болатыным анық, - депті Мария Браньяс Морера.Енді қазір әлемдегі ең егде жастағы адам ретінде Гиннеске 116 жастағы жапон әйел Томико Итоока тіркелді. Фото: buzzday.info
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...