Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады
Фото: СІМ

Испанияда екі пойыздың соқтығысуына байланысты Қазақстан азаматтарының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әзірге апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

Ведомство өкілдері бұл ақпараттың алдын ала екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарына қатысты мәліметтерді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Апат 28 қазанда Испанияның Толедо провинциясындағы жоғары жылдамдықты теміржол желісінде болған. Мадридтен Андалусияға бағыт алған екі пойыз соқтығысқан. Оқиға салдарынан ондаған адам қаза тауып, көптеген жолаушы зардап шеккені хабарланды. Қазір апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Испания премьер-министрі Педро Санчес қайғылы оқиғаға байланысты елде үш күндік аза тұту жариялады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу