«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина Алтынбекова Павлодардағы дауға қатысты пікір білдірді

«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина Алтынбекова Павлодардағы дауға қатысты пікір білдірді
Ашық дереккөз

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Павлодарда жарыс кезінде кәмелетке толмаған спортшыға қол көтерген жаттықтырушының әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Спортшы әлеуметтік желіде жарияланған видеода Шымкенттен келген жаттықтырушы Хамит Мырзабековтің өз шәкіртінің басынан ұрған сәті түсіп қалған. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, Алтынбекова да үн қосты.

Оның пікірінше, спортта тәртіп орнату үшін күш қолдануды ақтауға болмайды. Ол баланың психологиялық жағдайына қысым жасау мен физикалық зорлық көрсетуге қарсы екенін айтып, мұндай әрекеттер спортшының құқығын бұзатынын атап өтті.

Сабина Алтынбекова жаттықтырушылардың жұмыс әдістерін қайта қарау қажеттігін де көтерді. Оның сөзінше, спорт ұйымдары мамандарды қызметке қабылдағанда олардың кәсіби біліктілігімен қатар, балалармен қарым-қатынас жасау мәдениетіне де назар аударуы керек.

Сонымен қатар волейболшы кейбір командаларда дәрігердің, тіпті психологтың жоқтығына алаңдаушылық білдірді. Ол болған оқиғаны жекелеген жаттықтырушының әрекетімен ғана шектемей, спорттағы дайындық жүйесін тұтастай қайта қарауға негіз болатын жағдай деп бағалады.

Айта кетейік, оқиғадан кейін Хамит Мырзабеков жұмыстан босатылып, спорттық жарыстардан шеттетілді. Ал полиция аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу