"Әлі күнге дейін кешіре алмаймын": Медеу Арынбаев қызы туралы айтып, жұртты жылатты

13.11.2025 13:15 Мөлдір Талғат
0
346
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Медеу Арынбаев балаларымен

Белгілі әнші Медеу Арынбаев өмірінде өшпес із қалдырған өкінішін айтып, тыңдармандардың жүрегін елжіретті, деп жазады POLITICO.KZ.

Өнер иесі бұл оқиғаны "Хабар" арнасына берген сұхбатында әкелік сезім мен өмірлік сабақтарын ашық бөлісті.

«Келіншегім екінші сәбиімізге жүкті болды. Жастық қой, бұл сәбиіміз де ұл болады деп сеніп, күттім. Босанатын уақыты келгенде перзентханаға апарып, орналастырып, кері қайттым. Бір-екі күннен кейін босанады деп ойлап, достарымызбен тойлауды бастадық. Сол кезде дүниеге келетін сәбиді ұл деп тост жасап отырдық. Бір сәт телефон шырылдады. Арғы беттегі дауыс әйелімнің босанғанын айтып, "өмірге қызыңыз келді" деп құттықтады. Біртүрлі күйге түстім. "Жігіттер, ұл емес, қыз екен" дегенімді әлі күнге дейін кешіре алмаймын. Қазір қызымды әр сүйген сайын сол күнгі әрекетім үшін іштей кешірім сұраймын», – деді Медеу Арынбаев.

Әнші бұл сәтті өміріндегі ең үлкен өкініш және ең ауыр сабақтардың бірі деп санайды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий