Алматы әуежайында FlyArystan ұшағында өрт шығып, бір адам зардап шекті
909
28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде FlyArystan ұшағының бортында өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алды.
Әуе компаниясының мәліметінше, зардап шеккен қызметкерге медициналық көмек көрсетілді. Тексеріліп, ем қабылдағаннан кейін ол ауруханадан шығарылды.
Өртті әуежайдың жедел қызметтері дер кезінде сөндірді. Оқиға болған сәтте ұшақ бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.
Ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Мамандар зақымдану деңгейін бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Air Astana тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
15:53
Өгей шешесі ұрып-соққан төрт жасар қыз көз жұмды
12.10.2026
15:43
ҚМА Перизат Қайраттың туыстарына қатысты мәлімд...
12.10.2026
15:09
Елдегі мәслихаттар мерзімінен бұрын таратылды: ...
12.10.2026
14:49
Алматыда пышақ ұстаған балалардың видеосы тарад...
12.10.2026
14:38
«Ененің сайқал саясаты болу керек». Жанар Айжан...
12.10.2026
14:26
Абай облысында үш басқармаға жаңа басшы тағайын...