Алматы көшесінде әйелді ұрып-соққан адам іздестіріліп жатыр
534
Желіде Алматыда ер адамның көшеде әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген кадрлар жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Полиция қызметкерлері жағдайды анықтап жатқаны белгілі болды.
Видеоны Telegram желісіндегі KöpSöz арнасы жариялады. Сипаттамада оқиғаның бүгін таңғы сағат 4 шамасында Достық шағын ауданындағы Сыйластық көшесінде болғаны жазылған.
"Ер адам әйелді қатыгездікпен соққыға жыққан. Куәгердің айтуынша, әйелдің үсті-басы қанға боялған, ал оған шабуыл жасаған адам ішімдік ішкен күйеуі болуы мүмкін.
Оқиға видеоға түсірілгенімен, полиция шақыруға мүмкіндік болмады – ер адам жәбірленушімен бірге оқиға орнынан тез кетіп қалған", - делінген жазбада.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...