Алматы мен Мәскеу арасындағы пойыз қайта жүре бастайды
622
Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы сегіз жылдық үзілістен кейін қайта жанданады. Пойыз қозғалысы 2025 жылдың 26 қазанынан басталады, деп жазады Politico.kz саяси-әлеуметтік порталы.
Алғашқы құрам Алматыдан жергілікті уақытпен сағат 20:00-де жолға шығады, ал Мәскеуден 30 қазанда сағат 19:27-де (мəскеулік уақыт) аттанады.
Ауыспайтын тіркеме вагондар күн ара қатынайтын болады. Жол жүру уақыты шамамен 3,5 тәулікті құрайды.
Бұл вагондар алдымен Алматы - Саратов бағытындағы пойыздың құрамында жүріп, Саратовқа жеткен соң Мәскеу - Дербент пойызына тіркеледі.
Пойыз Қазақстан аумағында Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал станцияларына тоқтайды. Ресейдегі негізгі аялдамалар – Саратов, Ртищево, Тамбов, Мичуринск, Рязань және басқалары.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...