Алматы метросында не болды? Полиция мән-жайды түсіндірді
Алматы метросында жарылғыш зат бар деген хабардан кейін жолаушылар шұғыл сыртқа шығарылып, пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 5 қараша күні таңертең «Райымбек батыр» бекетінде болған.
Метрополитеннің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір әйел метро қызметкерлеріне жарылғыш зат бар екенін айтқан. Осыдан кейін жолаушылардың қауіпсіздігі үшін дереу тиісті шаралар қабылданып, оқиға орнына полиция шақырылған.
Алматы қалалық полиция департаменті әйелдің ұсталғанын растады.
Тәртіп сақшылары арнайы мамандармен бірге метро бекетін толық тексерген. Нәтижесінде жарылғыш зат та, күдік тудыратын басқа заттар да табылмаған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, ұсталған әйел Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.
Қазір оның әрекетіне құқықтық баға беру үшін тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция метрополитеннің қайтадан қалыпты жұмыс тәртібіне көшкенін хабарлады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
11:26
Air Astana ұшағына не болды: Хайнаньда 150-ден ...
05.11.2026
11:10
Алматы метросында не болды? Полиция мән-жайды т...
05.11.2026
10:49
Шымкентте бірінші сынып оқушысына тиіскен мұғал...
05.11.2026
10:32
Ташкентте жаппай уланған қазақ балалары не жеге...
05.11.2026
10:14
Қазақтың «Китанасы»: «Бүркітке» алғаш рет қыз қ...
05.11.2026
10:04
Мобильді аударымдарға қатысты жаңа ереже күшіне...