Ташкентте жаппай уланған қазақ балалары не жеген: Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды
Өзбекстан Бас прокуратурасы Ташкент қаласына Қазақстаннан футбол жарысына келген балалардың улану дерегі бойынша ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, жарысқа қатысу үшін келген 200 бала мен оларды ертіп жүрген өкілдер Ташкенттегі қонақүйлердің бірінен таңғы ас ішкен. Оларға таңғы асқа жартылай фабрикаттар – жұмыртқа мен шұжық (сосиски) берілген. Сол күні олардың 13-інде жүрек айну, іш өту, іштің ауыруы және дене қызуының көтерілуі сияқты симптомдар байқалған.
Зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету мақсатында олар Эпидемиология, микробиология, жұқпалы және паразитарлық аурулар республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік орталығына жеткізілді.
Аталған факті бойынша Шыланзар ауданының прокуратурасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 257-1-бабы (Санитариялық заңнаманы немесе індетке қарсы күрес қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта Шыланзар аудандық Ішкі істер органдары үйлестіру басқармасы жанындағы тергеу бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Ташкентке аттанған бір топ жас футболшының уланып, ауруханаға түскені хабарланған.
Соңғы жаңалықтар