Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы ұсталды
373
Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Антикордың мәліметінше, Айбол Құлбаев азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін кәсіпкерден 8 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Нәтижесінде 24 сәуір күні күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған колледж-интернатымен байланысты қылмыстық тергеуді бастаған болатын. Мекеменің бұрынғы директоры Айбол Құлбаев қорғауға құқығы бар куәгер мәртебесінде болған. Алайда Антикор енді бұрынғы спорт шенеунігінің ұсталғанын ресми түрде растады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...