Алматы облысына басқа өңірлерден өрт сөндірушілер жұмылдырылды

Алматы облысында тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге басқа облыстардан Төтенше жағдайлар департаменті күштері тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ведомствоның Telegram желісіндегі арнасында хабарланғандай, оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді. Іс-қимылдарды үйлестіру оқиға орнында да, ТЖМ Командалық орталығынан да жүргізіліп жатыр. Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб құрылды.
"Өртті сөндіру үшін 6 учаске құрылды. Өрт орнында "Терең-Қара" өзенінен ашық су көзіне автомобиль-сорғы түтігін орнату арқылы магистральдық желі тартылып, суды үздіксіз жеткізу ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 6 техника: бір автомобиль-сорғы жеңі және 5 автоцистерна жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар





