Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды (ВИДЕО)
755
Әлеуметтік желіде Алматы облысында тауға қонғаннан кейін зақымданған Ан-2 ұшағының видеосы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Видеодан ұшақтың таулы аймақтағы беткейде, ағаштардың арасында қалып қойғанын көруге болады.
Желі қолданушылары оқиғаның Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылының маңында болғанын айтады.
Көлік министрлігі болған оқиғаны растады.
«Авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 әуе кемесімен болған авиациялық апат адам шығыны жоқ авиациялық оқиға болып саналады және оны Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексереді», – деп түсіндірді министрлік.
Министрлік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына департамент қызметкері жіберілгенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...