Алматы облысында екі ағайынды әжетханаға түсіп уланып қайтыс болды
595
Алматы облысында әжетханаға құлатып алған телефонын аламын деген екі ағайынды қаза тапты. Деректерге сай олардың бірі бауырын құтқару үшін түскен. Бұл туралы «Qazaqstan» арнасы мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 3 тамыз күні болды. Деректерге сүйенсек, ер адамдардың бірі 29 жаста екіншісі 24 жаста болған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, ағасы әжетханаға телефонын түсіріп алып, оны алмақшы болғанда уланып қалған. Екінші жігіт ағасын құтқару үшін түскен.
"Республикалық жедел-құтқару" жасағы мекемесінің құтқарушылары мәйіттерді алып шығып, полицияға тапсырды. Құтқарушылар тұрғындарға сақ болу керектігін ескертті.
"Ашық дәретханаларға немесе шұңқырларға бағалы зат құлатып алсаңыз, түспеңіз! Улы газдардан улану және тұншығу қаупі бар", - деді олар.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...