Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, апатқа ұшырады
579
Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға “Сокол" саяжай қоғамының аумағында болған. Балалары бар жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысты.
Видеода оқушылардың рюкзактарымен автобустан асығыс шығып кеткені көрінеді. Жерде екі адамның жатқаны, балалардың айқайлағаны естіледі.
Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккен басқа жолаушылар жоқ.
Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталады. Тергеу барысы Алматы облысының ПД басшылығының бақылауында.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...