Маңғыстау облысына авиациялық борт жіберілді

Жол апатында қаза тапқан азаматтардың туыстарын денелерін сәйкестендіру үшін Маңғыстау облысына жеткізу үшін ІІМ Ұлттық ұлан борты жіберілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Бұл іс-шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсетіп, жерлеу жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылған.
ІІМ-нің мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.
Апаттан аман қалған 3 адамның жағдайы қыл үстінде.
«1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылы туған әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, жағдайы ауыр. Ал 1960 жылы туған әйел аурухананың травматология бөлімінде жатыр, оның жағдайы тұрақты ауыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Соңғы жаңалықтар





